Аймақ

Ақтоғай ауылының барлық үйлері орталық кәріз жүйесіне қосылады

Ақтоғай ауылында септиктердің орнына орталықтандырылған су бұру жүйесі орнатылады. Барлық үйлер желілерге қосылады.

Жоба өткен жылы басталды. Ауылдан 1,5 км қашықтықта ағынды суларды айдайтын төрт сорғы станциясы салынады. Негізгі коллектор салынды, тазарту қондырғылары орнатылуда. Құрылысты 2024 жылы аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудан орталығының солтүстік-батысында жаңа шағын аудан пайда болады. Құрылыс алаңында Ақтоғай ауданы бойынша жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып қайтты. Қазір мұнда инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр. Жылумен және сумен жабдықтау, телефон кабелі үшін кәріз желілері мен құбырлар салынады.

Биыл 16 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады, тағы екі үй 2024 жылы салынады.

Облыс басшысы аудандық мәслихат депутаттарымен және тұрғындармен кездесті.

Халықты әлеуметтік, тұрғын үй және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері қызықтырды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары Ақтоғайдан Ақсу-Аюлыға дейін өтетін жолға қатысты шағым айтты.

Аудан әкімі Руслан Кенжебековтың айтуынша, биылғы жылы тағы 50 км орташа жөндеу жұмыстары 2024–2025 жылдары толық аяқталады.

Биыл мердігерлер Ақтоғай – Шылым – Ақжарық тас жолының 10 шақырымын асфальттау аяқталады. Нарманбет – Айыртас жолын жөндеуге қаражат бөлінді.

Электр энергиясымен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қала береді. Бұл үшін электр желілері аудандық коммуналдық меншікке берілді. Қазір құжаттарды дайындау және желілерді “ЖезРЭК” иелігіне беру жұмыстары жүргізілуде. 

“Біз бірге Ақтоғай ауданының мәселелерін кезең-кезеңімен шешетін боламыз”, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ақтоғай тұрғындары жергілікті аурухананы жөндегені үшін алғыс айтты. Бірақ әзірге штаттық қызметкерлер әлі де тапшы. Облыс әкімі бұл мәселе шешіліп жатқанын айтты. Ауылға жас мамандар жіберілетін болады.

Биыл Ақжарық ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда. 2024 жылы ФАП тағы 9 елді мекенде пайда болады.

Кездесуден кейін Ермағанбет Бөлекпаев жеке қабылдау өткізді.

Сапар соңында облыс әкімі Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылдық округінде болды. Жергілікті мектепті жөндеу мәселесін көтерген ақсақалдармен кездесті. 

Ермағанбет Бөлекпаев ғимараттың қасбеті мен шатырын жөндеуге ЖСҚ әзірлеуді тапсырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button