АймақБалқаш

Қақпақтардан жасалған ерекше туынды

65 жастағы балқаштық тұрғын Юрий Воробьев үйінің кіреберісін пластикалық қақпақтармен безендіріп, көпшілікті тәнті етті. Ол 20 жылдан астам өзі тұрған көп қабатты үйінің кіреберісін безендіру үшін төрт жыл уақытын арнаған.  

– Өмір бойы жергілікті комбинатта дәнекерлеуші, шебер болып жұмыс істедім. Мен қол жуғышты оңай жөндей аламын және пластикалық құбырларды ауыстыра аламын. Жас кезімде бос уақытымда ағаш оюмен айналысқанмын. Зейнетке шыққаннан кейін ол пластикалық бөтелкелердің қақпақтарын жинап, олардан суреттер, композициялар жасай бастадым. Әуелі тамбурдың есігінен бастадым. Содан кейін еденді, қабырғаларды безендірдім. Жолбарыс, қоян, марғауды салдым. Көршілерге ұнайды, – деді Юрий Воробьев.

Бүгінде зейнеткерді аула тұрғындары жақсы біледі. Тіпті, оның қол туындысын көруге арнайы келіп, суретке түсіріп кетеді екен.

– Туындымның көпке ұнағанына қуаныштымын. Өз басым әдемі әрі таза жерде тұрғанды жаным сүйеді. Кіреберістегі еденді қақпақтармен безендіру үшін шамамен бес күнім кетті. Қақпақтарды плиткаға арналған желіммен отырғыздым. Қақпақтарды жинауға көп уақытым кетті. Көршілерім, достарым да жинауға көмектесті. Тіпті, өзім қала аралап қақпақ жинаған кездер болды. Тек кіреберісті безендіру үшін 60 мыңға жуық қақпақ қажет болды. Негізі, бұның бәрін жасау – қиын емес. Бастысы ниет болса болғаны, – деді шебер.  

Балқаштық шебер, бұдан бөлек қақпақтардан портрет те жасайды. Адамның бейнесін салғанан кейін қақпақтарды нейлон жіптерімен біріктіреді екен.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button