Қарағанды

Ағаш – қала көркі

   Қаламыздағы Жас натуралистер станциясында ғаламшардағы оттегі процесіне, табиғаттағы су айналымына ағаштың тигізетін пайдасын түсіндіру және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық тәрбие мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Ағаш отырғыз» акциясы өтті.

Табиғатқа деген ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілген акцияға Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Экономика және басқару факультетінің Экология және бағалау кафедрасының меңгерушісі, доцент Әлия Ешмагамбетова жетекшілік етіп, аталмыш іс-шараға үйірме оқушылары да бір кісідей атсалысты. Акция барысында студенттерге Жас натуралистер станциясы директорының өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары Күлшат Қатпатаева ағаш отырғызудың тәсілдері мен агротехникасы туралы жан-жақты мағлұмат берді. Ғимарат айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшеттер отырғызылды. Акцияға қатысқан 25 студент пен 20 үйірме оқушылары 10 түп ағаш екті.

Айсұлу МҰСАТАЕВА,

Жас натуралистер станциясы директорының орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button