Қарқаралы

Ақ қар, көтеріңкі көңіл

     Астанада ұйымдастырылатын «ЕХРО – 2017» көрмесін насихаттау мақсатында Қарқаралы ауданының Татан ауылында шаңғышылар арасында Президенттік көпсайыс жарысы өтті. Жарысқа Татан, Қарағаш ауылындағы мектептер оқушылары, ұстаздар және ауыл жастары қатысты.

Дәстүрлі қысқы спорт мерекесіне жиналған жұртты ауыл әкімі С.Ильяшев және мектеп директоры М.Рахымбеков құттықтап, сәттілік тіледі. Ұстаздар қауымы да жүрекжарды лебізін жеткізді.

Тартысты әрі қызықты өткен шаңғы жарысында сайыскерлер жас ерекшелігіне қарай мықтылық байқасты. Олар 5000, 3000 және 2500 метр қашықтықтарда жарысып, эстафета сынында күш сынасты. Нәтижесінде, қыс мерекесіне арналған «Темірші қысы – 2017» кубогін №28 негізгі мектеп командасы жеңіп алды.

Дәстүрге айналған «Темірші қысы» жарысы қазіргі таңда шаңғы спортының дамуына едәуір септігін тигізуде. Ата-аналар балаларына шаңғы сатып әперіп, олардың шаңғы спортына деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауда. Және мектеппен тығыз жұмыс атқарып отырғандары көңіл қуантады.

Осы орайда, қыс мерекесіне қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған №23 орта мектеп ұстаздары мен ауыл әкімшілігіне, жеке кәсіпкер Д.Мұғзарұлы мен мәдениет үйінің меңгерушісі Қ.Қанағатұлына алғысымыз шексіз. Айрықша қолдаудың арқасында біздің өңірден биік шыңдарды бағындырар спортшылар шығарына сеніміміз кәміл.

Д.ИЛЬЯШЕВ,

23 орта мектеп директорының орынбасары.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button