АймақБас тақырыпШет

Ағадырда жаңа балабақша ашылды

Шет ауданы, Ағадыр кентінде бірнеше балабақша болса да бақшаға сұраныс жоғары еді. Осы бір мәселені шешу үшін жергілікті кәсіпкер Мадияр Аханов ауданы 300 шаршы метрлік ғимаратты сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, 50 орындықты «Муслима» балабақшасын ашты. Ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Мұхтаров арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Ғимарат толық күрделі жөндеуден өткен. Нәтижесінде, жеке жуынатын және ойын бөлмесі бар. Әрі ұйықтайтын бөлмесі де қажетті дүниелермен жабдықталған. Қазіргі уақытта балабақшада 12 жұмыс орыны ашылды.

– Кенттегі мектепке дейінгі мекемелердің қажеттілігін көріп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 50 орындықты шағын балабақша ашуды ұйғардық. Ғимарат жөнделіп, қоршалды. Барлық санитарлық нормаға сәйкес. Бір жастан бес жасқа дейінгі балалар қабылданады. Балалардың күні бойы болуына барлық жағдай жасалған. Қазір «Алақай» және «Балақай» тобы бар. Бірақ, 12 қызметкер жетіспейді. Оның ішінде тәрбиеші, күтуші, аспаздар, медбике мен басқа да мамандар қажет, – деді Мадияр Аханов.

Аналар кеңесінің төрағасы және аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлшара Ахметова аудандағы алғашқы жекеменшік балабақшаның негізін қалаушылардың бірі. Кентте төрт балабақша болса да қажеттіліктің барын айтады.

– Ағадырда балабақша ашу – тұрғындар үшін жақсы жаңалық. Кентте мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшы еді. Енді осы жаңа бақша қажеттіліктің орнын толтыратыны сөзсіз.  Жаңа бақшада балаларға барлық жағдай жасалған, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін С.Сейфуллин атындағы кентте және Өспен ауылында мемлекеттік тапсырыс аясында 40 және 50 орындықты балабақша ашылған еді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button