Қарағанды

Аға буынмен кездесті

101 мектеп-лицейінің ұжымы педагогикалық еңбек жолында биік белестерді бағындырған өзін-өзі басқару саласының үздіктерімен кездесу өткізді. Мәңгілік Ел құндылықтарынан саналатын еңбексүйгіштік, ұлттық бірлік қағидаларын дәріптеді.

    Орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, 40 жыл еңбек еткен ұстаздар Б. Өмірзақова, В. Власова, Н. Павликова жиын барысында оқушылармен «Еңбек жолында биіктерді бағындырудың әдістері қандай? Мамандық таңдаудағы басты мұрат не?» секілді сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Құрметті қонақтар қатарында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс орталығының мамандары, педагогикалық еңбек ардагерлері болды. Ұстаздар оқушыларға «Білімге құштар болыңдар, бұл – басты міндет. Еңбек пен ізденістің арқасында белестерді бағындырыңдар. ХХІ ғасырдағы дамыған елдің ұрпақтары білім мен ғылымда алда болуы қажет. Бұл– заман талабы. Мамандық таңдап, ЖОО-ға түсіп, білікті мамандықтың иесі атанып, өздеріңнің өмірлік жауапкершіліктеріңді сезіне біліңдер» деген лебізін жеткізді.

    Ұстаздар Тәуелсіздікке қол жеткен жылдардағы өздерінің еңбек жолында орын алған естеліктерімен бөлісті. Жиылғандар шырқаған «Атамекен» әні жас ұрпақтың бойына жігер ұялатып, болашақта айқын бағыттар анықтауға септігін тигізді. Мектеп директоры Р. Қазтаев: «Жиында қойылған сұрақтар барысы оқушыларға «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Педагогтердің еңбек жолындағы мол тәжірибелері кейінгі буынға көп үлгі, – деп атап өтті.

Н. ГРОДНИКОВА,

101 мектеп-лицейінің рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие

бөлімінің әдіскері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button