Мұражайда – құнды жәдігерлер
Облыстық Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында 26 наурызға дейін «Бақыт мейрамы – Наурыз» көрмесі өтпек. Онда мұражай қорынан алынған 100-ден астам жәдігер қойылған. Көрме 16 наурызда №45 гимназияның бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ашылады.
– Көрмеге тоқыма, кесте, киіз басу, аппликация, соғу, құю және тағы да басқа әдістермен жасалған бұйымдар қойылған. Жұмыстардың 60%-ы Сарыарқа шеберлеріне тиесілі, – дейді мұражайдың бас сақтаушысы, көрме кураторы Дәмелі Қадырқұлова.
Көрмеде жәдігерлерден бөлек, наурыз тақырыбында салынған түлі картиналар да топтасқан. Мәселен, теміртаулық суретші Қуат Асқаровтың туындысы. Бұдан бөлек, ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын жергілікті қолөнерші Людмила Косованың да жұмыстарын көруге болады. Қолөнерші музей қорына ағаштан жасалған тостағаны мен шөміштен құралған қымыз жиынтығы, «Алтын торсық» композициясын сыйға тарту еткен.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,