Жаңалықтар

Абай облысында “алтын іздеушілер” ұсталды

Абай облысы Жарма ауданындағы «Еділбай» учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен, заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

фото: polisia.kz

Бұл факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех табылған.

“Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды. 13 “алтын іздеуші” ұсталды, оның 7-уі шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді”, – делінген хабарламада.

фото: polisia.kz

Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша «іздеушілер бригадасын» жинаған, заңсыз цехтың иесі – жергілікті тұрғын қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ретінде ұсталды.

Видеосы “Орталық Қазақстан” газетінің ютуб каналында және инстаграм парақшасында. 

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button