Аймақ

Қарағанды өңірінің шалғай аудандарына балаларды тасымалдайтын 14 жаңа автобус берілді

Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандарының 14 мектебінде, сондай-ақ Ақтау кентіне балаларды тасымалдайтын жаңа автобустар пайдалануға берілді. Көлік QazТеchnа Саран зауытында жасалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автобустар “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ лизингтік бағдарламасы арқылы сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы сегіз мектеп көлікпен қамтамасыз етілуі тиіс.

“QazTehna” ЖШС Саран зауыты мектеп автобустарының кезекті партиясын жеткізді, олар Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандарының ауылдық мектептеріне және Ақтау кентінің мектебіне берілді. Автобус кілттерін білім вице-министрі Ғани Бейсембаев тапсырды”, – деп хабарлады білім басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айынан бастап берілген алғашқы бес жаңа автобус Абай, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында балаларды мектепке тасымалдауда.

Көлік заманауи талаптарға сай келеді, қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп рюкзактарына арналған сөрелермен, есіктері ашық тұрған кезде қозғалысты бұғаттау механизмімен жабдықталған, сонымен қатар жылдамдықты 60 км/сағ мөлшерде шектегіш қарастырылған.

Басқа материалдар

Back to top button