Қарағанды

Қарағандыда тұрғынның 400 мың теңгесін қолды қылған күдікті ұсталды

Қарағандыда 400 мың теңгесі бар жігіттің әмиянын қолынан қағып әкеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Кеше сағат 18:00 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Жедел басқару орталығына Карл Маркс көшесінде тонау болды деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына потрульдік полиция жасағы келді.

Белгілі болғандай, 25 жастағы жәбірленуші жігіт ауылдық жерде тұратынын, Қарағандыға сауда жасау мақсатында келгендігін айтқан. Сауда үйлерінің бірінде ауыл тұрғыны тауарын төлеу үшін әмиянын алып шыққан. Осы кезде оған белгісіз біреу келіп, қолындағы 400 мың теңгесі бар әмиянды суырып алып, ізін жоғалтқан. 

Полицейлер көп ұзамай 23 жастағы күдікті жігітті анықтап ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Басқа материалдар

Back to top button