Осакаров

Осакаров ауданында компьютерлік томография кабинеті ашылды

Осакаров ауданының орталық ауруханасы жанында жаңа компьютерлік томография кабинеті ашылды. Жоғары технологиялық аппарат адам бойындағы дертті алғашқы сатысында-ақ анықтап, нақты диагноз қоюға септеседі.

  Томографиялық зерттеулерді сәулелі диагностика мамандары өткізбек. Олардың барлығы арнайы оқуды тәмәмдап, лицензия алған. Медициналық қызмет ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі. Ақылы түрде де өткізіледі. Компьютерлік томография зерттеуінен Осакаров және Нұра ауданының тұрғындары өте алады.

Осакаров ауданында компьютерлік томография кабинеті ашылды

Енді науқастарды зерттеу және диагноз қою жүктемесі сәл азаяды. Тоғыз жолдың торабында жатқан аумақ болғандықтан ауруханаға жол апатына ұшыраған жандар көптеп жүгінеді. Бұл ретте осындай зерттеу жасау аса маңызды, – деп атап өтті аурухана директоры Ольга Травнева. – Аппарат облыстық бюджет есебінен сатып алынған.

Томограф мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйеге жіберу автоматты жүйесіне қосылған. Яғни, белгілі бір уақытта республиканың кез келген нүктесінде өткізіліп жатқан зерттеуді бақылауға және науқасты әрі қарай дұрыс емдеу әдісін дер кезінде қабылдауға ықпал етпек.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ

Осакаров ауданы

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button