Қарағанды

Қарағандылық спортшы пара-армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды

Қарағандылық спортшы Никита Ермаков пара-армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Чемпионат Антальяда (Түркия) өтті. Жарысқа 54 елден екі жарым мыңнан астам спортшы қатысты. Қарағандылық спортшы 55 келі салмақта өнер көрсетті.

– Әлем чемпионатына, әрине, ең мықты спортшылар келді. Армения, Германия, Үндістан, Қырғызстан және Украинадан. Осындай лайықты қарсыластарды жеңгеніме өте қуаныштымын, – деді чемпион.

Спортшыны Руслан Түспеков жаттықтырады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Никита Ермаков Бухаресттегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button