Қарағанды

Қарағандыда алаяқ құрықталды

Қарағандыда алаяқ 110 мыңға жүргізуші куәлігін жасаймын деп адамдарды алдап соққан. Ақшаны қолына түсірген соң, ұялы телефонын өшіріп, ізім-қайым жоғалған, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі. 

Қарағанды қаласының 3 тұрғыны алаяқтың арбауына түскен. Олар куәлікке тапсырыс бергелі 1 жыл өткенін айтып, Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық полиция бөлімшесіне арызданған.

Осыған орай, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні, яғни, 29 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Басқа материалдар

Back to top button