Олжас Бектенов мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 29 қарашада, Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлау қорытындысы бойынша еліміздегі 228 мәслихаттың 3 447 депутаттық мандаты бойынша өкілдер сайланады.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берген болатын.
Айта кетейік, қазіргі сайлау науқаны аясында республика бойынша 228 мәслихаттың құрамы жасақталып, 3 447 депутаттық мандат бөлінеді. Елімізде барлығы 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Таңертеңнен бері қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша республика көлемінде сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берген. Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.



