Аймақ
Абайлықтардың сайлауда белсенділігі жоғары
Абай ауданында осы 29 қарашадағы аудандық және облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау үшін құрылған 40 сайлау учаскесінде 38 мың сайлаушы тіркеліп, олардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған еді.

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Кенжебаевтың хабарлауынша, аудан бойынша бұл сайлаудағы халықтың белсенділігі өте жоғары.

Мәселен, Көксу ауылдық округінде орналасқан 389-учаскелік сайлау комиссиясында тіркелген сайлаушылардың дені сағат 11.00-ге дейін дауыс беріп үлгерген.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы



