Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қазақстан құрамасы Хорватиядағы турнирде үздік үштікке енді
Қазақстан құрамасы Хорватия астанасы Загребте өткен дзюдодан Гран-при турнирін аяқтады. Жарыс нәтижесі бойынша отандастарымыз бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.

Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан, 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева финалда өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Жалпыкомандалық есепте Бразилия құрамасы бірінші орын алды. Екі алтын және екі қола медаль жеңіп алған Канада құрамасы екінші орынға жайғасты.
Ал ерлер арасындағы медальдық есепте Қазақстан құрамасы бір алтын және бір күміс жүлдемен көш бастады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



