Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында бүгін ауа райы қандай болады?

16 қарашада Қарағанды облысында қолайлы ауа райы күтіледі. Алайда өңірдің солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Облыс бойынша түнде ауа температурасы -7…-12 градус, оңтүстігінде -2 градусқа дейін болады. Күндіз -4…+1 градус, оңтүстігінде +4 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер жүргізушілерге тұман кезінде жолда сақ болуды ескертеді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button