Қарағандылықтар «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары атанды
Екі қарағандылық «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. «Спорт» номинациясында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов үздік деп танылса, «Журналистика» номинациясында Life09 ақпараттық агенттігінің бас редакторы Аяжан Ералықызы марапатталды.

Аяжан Ералықызы үшін бұл награда он жыл бұрын басталған кәсіби жолының мойындалуы болды. Бірінші Қарағанды телеарнасында, республикалық интернет-ресурстарда, баспасөз қызметінде және баспа басылымдарында жұмыс істеді. Бүгінде Life09 ақпараттық агенттігін басқарады.
– Жеңіс – бұл да жауапкершілік: одан әрі дамып, одан да жақсы жұмыс істеу керек. Мен ешқашан өзіме міндетті түрде қандай да бір сыйлық алуды мақсат еткен емеспін. Өз ісімен айналысып, мүмкіндік туғанда байқауларға қатыстым. Жас журналистерге қиындықтардан қорықпауды және армандарынан бас тартпауды тілеймін. Егер өзіңді мамандыққа арнасаң, үнемі жұмыс істеп, тоқтамасаң, көп нәрсеге қол жеткізуге болады, – дейді Аяжан Ералықызы.

Ол өзінің одан әрі дамуын ең алдымен редакцияның өсуімен байланыстырады. Оның айтуынша, Life09 кеңейіп, агенттік материалдары тек Қарағанды облысында ғана емес, республикалық деңгейде де танымал болғанын қалаймыз.
«Спорт» номинациясында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем және Азия чемпионы, Абай бокс мектебінің тәрбиеленушісі Абылайхан Жүсіпов лауреат атанды. Оның артында екі Олимпиада ойындарына қатысу, жасөспірімдер арасындағы жарыстар мен ел чемпионаттарында жеңістер, әлем біріншіліктерінің қола жүлделері бар. 2024 жылы ол Азия чемпионы атағын жеңіп алды, ал 2025 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі турнирде IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
– Айта кетерлігі, 2007 жылы Серік Сәпиев екінші рет әлем чемпионы атанды. Дәл осы жылы мен Абайда бокспен айналыса бастадым. 18 жылдан кейін мен алтын медаль алып келдім. Мен үшін бұл тарихи оқиға. Мен өзімнің балалық арманымды жүзеге асырдым: жасөспірімдер, жастар, содан кейін ересектер арасында әлем чемпионы болдым, – деді Абылайхан Жүсіпов.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, мәдениет, өнер, журналистика, спорт және басқа салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген жастарға беріледі. Биыл оның лауреаттарының арасында Қарағанды облысының өкілдері бар, олардың жетістіктері көп жылдық еңбегінің және таңдаған ісіне адалдығының нәтижесі болды.
Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ



