ЖаңалықтарСпорт

Қарағандылық спортшылар суға секіруден ел чемпионатында 17 медаль иеленді

Алматыда түрлі жас санатындағы спортшылар арасында суға секіруден Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қарағанды облысының өкілдері сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны 17 медаль жеңіп алды. Оның алтауы – алтын, бесеуі – күміс, алтауы – қола.
Сурет облыс әкімдігінен

Жарыста қарағандылық Тимур Гасюль ерекше көзге түсті. Азия чемпионатының жүлдегері екі алтын және бір қола медаль еншіледі. Никита Малиновский де екі рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ал Михаил Балықин бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алса, Арина Дементьева чемпион атанды. Алина Тамабаева екі күміс пен бір қола медаль иеленді. Аурика Калараш бір күміс және екі қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ Ева Мох пен Дарья Тарасова жарыстың қола жүлдегері атанды.

Осылайша, Қарағанды облысының спортшылары ел чемпионатын 17 жүлдемен қорытындылады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button