Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандылық Гүлназ Бөрібаева Қазақстан чемпионы атанды
Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының спортшысы Гүлназ Бөрібаева алтын медаль жеңіп алды.

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз финалдық кездесуде Жамбыл облысының өкілі Әйгерім Сәттібаевамен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жекте Гүлназ қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, ел чемпионы атанды.
Осылайша, қарағандылық боксшы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанып, өңір қоржынына алтын жүлде салды. Бұл нәтиже спортшының табанды дайындығы мен шаршы алаңдағы шеберлігінің жемісі.
Гүлназ Бөрібаеваны жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



