Жаңалықтар

Педагогтердің дамуына жағдай жасау – маңызды міндет

«Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастыруымен Қарағанды қаласындағы №19 мектепте білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өтті. Басқосуға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Саят Әбдіғали, Гаухар Акижанова, Сергей Ан және Сабыржан Амандықов қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар партияның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді, білім сапасын арттыру, педагогтерді қолдау және білім беру жүйесін дамыту бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сала өкілдерін толғандырған мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтті. Кездесуге 200-ге жуық адам қатысты.

– Білім беру саласы – қоғамның болашағын айқындайтын маңызды бағыттардың бірі. Бүгінгі кездесуде білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен пікір алмасып, саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқыладық. Педагогтерге қолайлы жағдай жасау, білім сапасын арттыру және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына мүмкіндік беру – маңызды міндеттер. Осындай кездесулер сала өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, олардың пікірін ескеруге жол ашады, – деді Гаухар Акижанова.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Бекзат Қомарұлы Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button