Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты басталды
Биылғы чемпионат 30 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді. Алғашқы күндері боксшылар алдын ала жекпе-жектерде сынға түседі. 2–3 қарашада ширек финал, 4–5 қарашада жартылай финал өтеді. Ал 6 қарашада чемпионаттың жеңімпаздары анықталады.

Ерлер арасындағы жарысқа еліміздің барлық 20 өңірінен спортшылар қатысады. Әйелдер бәсекесінде 18 өңірдің өкілдері (Ақтөбе мен Абай облысынан басқа) бақ сынайды.
Қарағанды облысының намысын ерлер арасында сегіз боксшы қорғайды. Олар:
-
Нұрислам Бекен – 55 келі;
-
Алмұхамед Сағат – 55 келі;
-
Алмаз Нұрлан – 55 келі;
-
Сырымбетов Талғат – 60 келі;
-
Жасурбек Анорбаев – 60 келі;
-
Райымбек Асылбеков – 70 келі;
-
Бекдаулет Асқаров – 70 келі;
-
Ислам Кенжебек – 85 келі.

Әйелдер құрамасы сапында 14 боксшы бар:
-
Гүлназ Бурибаева, Айжан Мұрат – 48 келі;
-
Анита Адишева, Гүлнар Тұрапбай, Томирис Мырзақұл – 51 келі;
-
Алина Құдайгенова – 57 келі;
-
Аяжан Ермек – 60 келі;
-
Аида Әбікеева, Милана Сафронова – 65 келі;
-
Жасмин Хизатова – 75 келі;
-
Айдана Ұбайдуллақызы – 80 келі;
-
Дина Исламбекова – 80 келіден жоғары.

Айта кетейік, биылғы ел чемпионатында бірқатар танымал боксшы жарақатына байланысты қатыспайды. Олардың қатарында Азия ойындарының чемпиондары Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай, сондай-ақ қола жүлдегерлер Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова және Наталья Богданова бар.
Қарағандылық боксшылардың басты мақсаты – ел біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетіп, чемпиондық атаққа таласу.Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz




