АймақБас тақырып

IQanat рекорды: 67 мыңнан астам ауыл баласы олимпиадаға қатысады

Қазақстанның 2700 ауылынан 67 мыңнан астам 8-сынып оқушысы республикалық IQanat Олимпиадасына тіркелді. Бұл жоба тарихындағы рекордтық қатысушылар саны. Өткен жылы  64 мың қатысушы болған.

Сурет ұйымдастырушылардан

Енді оқшылар IQanat  мектеп-пансионатында тегін білім алуға немесе Қазақстанның, әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуге үш жылдық білім беру сүйемелдеуін алу үшін бәсекеде бақ сынасады.

Еліміз бойынша  IQanat Олимпиадасының І кезеңі басталды. Жобаның басты мақсаты – ауыл балаларының тұрғылықты жері мен отбасының қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан,  сапалы білім алуын қолжетімді ету.

Олимпиада үш кезең бойынша өтеді. Бірінші кезеңде сегізінші сынып оқушылары математикалық және оқу сауаттылығы, логикалық ойлау және қазақ тілі бойынша тест тапсырады. Екінші кезеңде оларды тереңдетілген пәндік тапсырмалар күтеді.

Екі кезеңнің нәтижесі бойынша 1000 финалист анықталып, олар қорытынды кезеңге өтеді. Олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады, мұнда тұрып, білім алады, халықаралық үздік бағдарламалар бойынша тереңдетілген академиялық дайындықтан өтеді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button