«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

2026 жылғы 22 маусым
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында «Saryarqa aqparat» ЖШС жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі ретінде 2025 жыл және 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 мамырға дейінгі кезең айқындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы: «Saryarqa aqparat» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі: «Saryarqa aqparat» ЖШС директорының 2026 жылғы 18 мамырдағы № 014-1NQ бұйрығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 25 мамырдан 26 маусымға дейін.
Талданатын қызмет кезеңі: 2025 жыл және 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 мамырға дейінгі кезең.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Серіктестік қызметін реттейтін ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау барысында кәсіпорын қызметін реттейтін ішкі құжаттар, кадрлық процестер, сатып алу және қаржы-шаруашылық қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жұмысы, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін қызметтің өзге де бағыттары зерделенді.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы, ішкі рәсімдердің орындалуы, қызметкерлер арасында өкілеттіктердің бөлінуі, ішкі бақылау тетіктерінің болуы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу үшін қабылданатын шаралар талданды.
Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілетін жұмыс, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері мен қабылданатын шаралар туралы ақпарат кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылады.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қолданыстағы ішкі процестерге баға беріліп, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалды, сондай-ақ олардың алдын алуға және азайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
- СЕРІКТЕСТІК ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Серіктестік өз қызметін «Saryarqa aqparat» ЖШС жалғыз қатысушысының 2022 жылғы 18 шілдедегі № 102 шешімімен бекітілген Жарғы негізінде жүзеге асырады.
Серіктестіктің негізгі қызмет түрлері – «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» облыстық газеттерін шығару және тарату, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру.
Серіктестік өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
3) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын;
4) Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңын;
5) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын;
6) Серіктестік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттары туралы 2023 жылғы 1 наурыздағы ережені;
7) Серіктестіктің 2023 жылғы 1 ақпандағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;
8) 2026–2029 жылдарға арналған ұжымдық шартты;
9) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
Кәсіпорынның ішкі құжаттарын талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын нормалар, құқықтық реттеудегі олқылықтар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін ережелер анықталған жоқ. Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келеді және кәсіпорын қызметкерлерінің қызметін қажетті деңгейде реттейді.
- II. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2.1. Персоналды басқару
Серіктестікте кадрларды іріктеу тәртібі реттелген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Серіктестік қызметкерлерінің штаттық саны – 94 бірлік, 2025 жылы 93,5 бірлікті құрады. 2026 жылғы 1 маусымдағы нақты саны – 86,5 бірлік. Бос лауазымдар саны – 7,5 бірлік.
2025 жылы Серіктестікте басқарушылық функцияларды атқаратын барлық тұлғалар (13 адам) және олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы 270-нысан бойынша декларация тапсырды.
Талданатын кезеңде (2025 жыл және 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 мамырға дейін) жұмысқа 18 қызметкер қабылданып, 14 қызметкер өз еркімен жұмыстан шыққан. Теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ.
Еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер ұсыну Серіктестіктің еңбекақы төлеу туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Талданатын кезеңде кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Есепті кезеңде қызметкерлер Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелерімен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау мәселелерімен таныстырылды.
2026 жылғы 21 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет маманы Қарағанды облысы әкімінің аппаратының Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп ұйымдастырған комплаенс-қызметтердің қызметі жөніндегі семинар-кеңесіне қатысты.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: кадрлық шешімдер қабылдау кезінде субъективті көзқарас; кадрларды іріктеу кезінде мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі.
Алдын алу шаралары: жұмысқа қабылдау кезінде ашықтық пен объективтілік қағидаларын сақтау; профилактикалық іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын тұрақты арттыру.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Талдау барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Жақын туыстары немесе жұбайлары тікелей бағынысында болатын бос лауазымдарға орналасу кезінде үлестестіктің болуы анықталған жоқ.
Сонымен бірге ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жекелеген басқарушылық өкілеттіктердің бір лауазымды тұлғаның қолында шоғырлануы; ішкі бақылау жеткіліксіз болған жағдайда шешімдер қабылдау мүмкіндігі; болашақта қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде үлестестіктің туындау тәуекелі.
Аталған тәуекелдерді азайту үшін кадрлық және қаржылық шешімдерге қатысты мәселелерді алқалы түрде қарау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.
2.3. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін өткізу
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бекітіледі және түзетіледі. Бекітілген сатып алу жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы сатып алу рәсімдерін өткізу олардың ашықтығын қамтамасыз етеді және адами фактордың ықпалын азайтады.
Талданатын кезеңде сатып алудың негізгі бөлігі ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату және электрондық дүкен арқылы жүзеге асырылды.
2025 жылы және 2026 жылдың 5 айында өткізілген сатып алулар саны:
| Мемлекеттік сатып алу тәсілі | 2025 жыл | 2026 жыл (5 ай) |
| Ашық конкурс | 6 | 4 |
| Баға ұсыныстарын сұрату | 21 | 7 |
| Өтпей қалған сатып алулар бойынша бір көзден алу | 25 | 9 |
| Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу | 1 | 4 |
| Электрондық дүкен | 27 | 16 |
| БАРЛЫҒЫ | 80 | 40 |
Қосымша анықталғаны: сатып алуды бөлшектеу фактілері анықталған жоқ; бір көзден сатып алу тәсілін негізсіз қолдану фактілері анықталған жоқ; әлеуетті өнім берушілердің шағымдары жоқ; Серіктестіктің лауазымды тұлғаларымен өнім берушілердің үлестестігі белгілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сатып алудың бәсекелестікке жатпайтын тәсілдерін қолдану; міндеттемелерді орындаудың шынайы емес мерзімдерін белгілеу; техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау.
Алдын алу шаралары: мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау; шарттардың орындалуына ішкі бақылау жүргізу; сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру; жауапты қызметкерлер арасында профилактикалық іс-шаралар өткізу.
2.4. Ақпараттық қауіпсіздік
Серіктестікте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар тұрақты түрде іске асырылады. Мыналар жүргізіледі: антивирустық базаларды жаңарту; ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті бақылау; пайдаланушылардың парольдерін ауыстыру; сыртқы ақпарат тасымалдағыштарын тексеру; есептік жазбаларға мониторинг жүргізу.
Kaspersky Endpoint Security for Business лицензиялық бағдарламалық қамтылымы пайдаланылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: қызметтік ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу; дербес деректердің сыртқа таралуы; қызметтік ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беру; қызметкер жұмыстан шыққан кезде электрондық құжаттардың жоғалу тәуекелі. Алдын алу шаралары: қолжетімділік құқықтарын бөлу; ақпараттық ресурстарды бақылау; материалдық-техникалық базаны жетілдіру; ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу.
2.5. Серіктестіктің 2026 жылғы қаңтар–мамырдағы қаржы-шаруашылық қызметі
«Saryarqa aqparat» ЖШС-нің 2026 жылғы қаңтар–мамырдағы кірістері мен шығыстары (пайда/залал):
| Көрсеткіш | Сома (теңге) |
| ҚҚС-сыз кірістер | 253 546 143 |
| Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстан түскен кіріс (УВП) | 206 153 354 |
| Жазылымнан түскен кіріс | 3 573 026 |
| Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс | 63 793 |
| Мемлекеттік органдарға қызмет көрсетуден түскен кіріс | 7 615 739 |
| Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуден түскен кіріс | 4 172 121 |
| Халыққа қызмет көрсетуден түскен кіріс | 2 626 950 |
| Басқа қызметтерді өткізуден түскен кіріс | 10 808 773 |
| Өзге кірістер | 18 532 387 |
| Шығыстар | 278 568 525 |
| Телефон абоненттік төлемі | 37 551 |
| Штаттан тыс авторлық сыйақы | 37 500 |
| Бөтелкедегі су | 18 630 |
| Қоқыс шығару | 517 197 |
| Жанар-жағармай материалдары | 793 395 |
| Ақпараттық ресурстарға қолжетімділік | 180 727 |
| SA еңбекақысы | 158 407 334 |
| Ортақ коммуникацияларға қызмет көрсету шығындары | 3 030 378 |
| Негізгі құралдардың тозуы | 3 271 961 |
| Интернет | 402 125 |
| Кеңсе тауарлары | 149 970 |
| «Қазпошта» комиссиялық сыйақысы («ИК») | 5 952 875 |
| «Қазпошта» комиссиялық сыйақысы («ОҚ») | 5 952 876 |
| Шегерімге жатпайтын өзге материалдар | 331 390 |
| Қалааралық телефон сөйлесулері | 2 808 |
| Қызметкерлерді оқыту | 48 120 |
| Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру | 36 689 |
| Өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру | 237 021 |
| Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары | 4 457 479 |
| МӘМС аударымдары | 2 587 390 |
| Бағдарламалық қамтылымды қолдау | 108 148 |
| Пошта қызметтері | 965 677 |
| Өкілдік шығыстар | 800 000 |
| Өзге шығындар | 24 811 |
| Басқа шығыстар | 160 516 |
| Байланыстың өзге қызметтері | 64 086 |
| Тұрғын үй-жайды жалдау шығындары | 102 000 |
| Автокөлікті жөндеу және оған қызмет көрсету | 1 840 300 |
| Әлеуметтік аударымдар | 6 080 941 |
| Әлеуметтік салық | 8 156 447 |
| Газеттерді есептен шығару | 13 362 618 |
| Қазақстан Республикасы шегіндегі тәуліктік шығыстар | 108 125 |
| Баспа қызметтері | 22 655 045 |
| Негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсету | 85 466 |
| Бейнеоператор қызметтері | 1 898 406 |
| Тілші қызметтері | 9 558 276 |
| Сайтты ілгерілету қызметтері | 584 826 |
| Әлеуметтік желілермен жұмыс істеу қызметтері | 20 000 978 |
| Шаруашылық тауарлары | 59 837 |
| Суық су және кәріз | 3 378 017 |
| Экспедициялау | 1 720 595 |
| Электр энергиясы | 399 993 |
| Пайда (залал) | -25 022 382 |
Қаржы-шаруашылық қызметін талдау
Талданатын кезеңде (2025 жыл және 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 мамырға дейін) ақша қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жоқ; кәсіпорын мүлкін негізсіз жұмсау фактілері анықталған жоқ; мүдделер қақтығысының белгілері бар мәмілелер жасалғаны анықталған жоқ; заңнаманы бұза отырып үлестес тұлғалармен мәмілелер жасалғаны анықталған жоқ.
Негізгі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сапасыз жұмыстар мен қызметтерді қабылдау; өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауына бақылаудың жеткіліксіздігі. 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 мамырға дейінгі кезең бойынша кәсіпорында уақытша залал қалыптасқан. Бұл мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шарттарын орындау ерекшеліктерімен және кірістердің маусымдық түсуімен байланысты.
Кәсіпорынның даму жоспарына сәйкес, 2026 жылдың қорытындысы бойынша 4 859 000 теңге мөлшерінде таза пайда алу күтіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде қосымша шаралар қабылдауды талап ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
2.6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
2025 жылы барлығы 7 өтініш, ал 2026 жылы азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы – eotinish.gov.kz арқылы 2 өтініш түсті.
2025 жылы «Saryarqa aqparat» ЖШС-не келіп түскен № ЖТ-2025-00827620 өтінішін қарау мерзімін бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде Серіктестік басшысына қатысты тәртіптік жауаптылық шаралары қабылданды (2025 жылғы 27 мамырдағы № 120 шешім). 2026 жылдың өткен кезеңінде өтініштерді қарау, мерзімдерін бұза отырып қайта жолдау және өтініштерді уақтылы тіркемеу фактілері анықталған жоқ.
Талданатын кезеңде Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністері туралы жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мәселелері бойынша өтініштері де тіркелмеген.
2.7. Сот практикасы
Талданатын кезеңде Серіктестікке қатысты талап арыздар түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілерін немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың бұзылуын қамтитын сот шешімдері жоқ.
2.8. Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг
Кәсіпорынның ресми сайтындағы, «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттеріндегі, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға талдау жүргізу барысында Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.
2.9. Мемлекеттік қызметтер көрсету
Серіктестік мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
2.10. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Серіктестік рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.
2.11. Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру
Серіктестік бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.
2.12. Редакциялық қызмет және материалдарды орналастыру
Кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру процестеріне талдау жүргізілді.
Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: коммерциялық материалдарды шарттық қатынастарды тиісінше рәсімдемей орналастыру; қызметкерлердің жеке мүдделілігі болған жағдайда материалдарды жариялау; жекелеген тапсырыс берушілерге негізсіз артықшылықтар беру; материалдарды орналастыру кезінде объективтілік пен ашықтық қағидаларын бұзу.
Талдау барысында аталған тәуекелдердің іске асу фактілері анықталған жоқ.
Ақылы материалдардың орналастырылуына бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады.
2.13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметі
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабын орындау мақсатында 2023 жылдан бастап Серіктестік штатында комплаенс-офицер бірлігі енгізілген. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Комплаенс-офицердің функциялары Абдрахманова Эльмира Есенгалиевнаға жүктелген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жұмысы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен азайтуға, Серіктестік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған.
Есепті кезеңде комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізді, Серіктестік қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы өтініштер мен ақпаратты қарады, сондай-ақ оларды жою және болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жұмысы қолданыстағы заңнамаға және Серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырылады.
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, мүдделер қақтығысы, үлестестік, ақша қаражатын мақсатсыз пайдалану және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын өзге де бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қолданыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ықтимал сипатта болады және кадрлық процестерге, сатып алу қызметіне, ақпараттық қауіпсіздікке және қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты.
ҰСЫНЫМДАР
- Қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жыл сайын жалғастыру.
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарының сақталуына бақылауды күшейту.
- Өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді уақтылы әрі сапалы орындауын бақылауды қамтамасыз ету.
- Ақылы және жарнамалық материалдардың белгіленген талаптарға сәйкес орналастырылуына мониторинг жүргізуді жалғастыру.
- Қызметкерлерді мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кемінде жарты жылда бір рет оқыту.
- Ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы өтініштерді (хабарламаларды) белгіленген тәртіппен қабылдау мен қарауды қамтамасыз ету.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу.



