"Таза Қазақстан"Жаңалықтар

Қарағандыда көшелер мен жаяу жүргіншілер аймақтары тазартылды

Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қала аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Атап айтқанда, Нүркен Әбдіров, Назарбаев және Гоголь көшелерінің бойындағы аумақтар вакуумды шаңсорғышпен тазартылды.

Жерасты өткелдері жуылып, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындардың еркін қозғалысына кедергі келтіретін қураған бұтақтар жиналып, аумақтар ретке келтірілді.

Қаланың тазалығы мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар күн сайын жалғасады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button