Бас тақырыпСпорт

Қазақстан құрамасы Азия ойындарын 84 медальмен қорытындылады

Аичи-Нагояда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын гимнаст Ақмарал Ерекешева алып шықты.

Сурет ҰОК

19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткен құрлықтың басты спорт додасында Қазақстан атынан 558 спортшы 43 спорт түрінен бақ сынады. Жарыс қорытындысында ұлттық құрама 84 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар.

Келесі Азия ойындары 2030 жылы Катар астанасы Дохада өтеді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button