Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда қазан айында жаңбырлы ауа-райы күтіледі

Қарағандыда қазан айының алғашқы күндерінде жаңбырлы ауа-райы күтіледі. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, 1 қазанда қалада күн бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай болуы мүмкін.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Синоптиктердің мәліметінше, түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +15…+17°C аралығында болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.

Ауа райының өзгеруімен бірге қалада жылу беру маусымы да басталады. Қарағандыда жылу 1 қазаннан бастап кезең-кезеңімен беріле бастайды.

Алдын ала болжам бойынша, 2 қазанда жаңбыр тоқтап, күн бұлтты болады. Түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +15…+17°C шамасында сақталады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

 

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button