Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізіледі

Қазақстанда шағын жинақты ауыл мектептеріне жасанды интеллект технологияларын енгізу жобасы басталды. Пилоттық жоба биылғы 1 қыркүйектен Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектепте жүзеге асырылып жатыр.

Суреттер primeminister.kz

Жобаға 4-сыныптың 50-ден астам оқушысы қатысып, математика, қазақ және орыс тілдері, сондай-ақ цифрлық сауаттылық пәндерін гибридті форматта оқып жатыр. Сабақтарды білікті педагогтер онлайн өткізсе, ауылдағы мұғалімдер оқушыларға оқу барысында қолдау көрсетеді.

Жобаны кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланған. 2027 жылғы қаңтарда мектептер санын кемінде 50-ге, сәуірде 440-қа жеткізу көзделсе, 2028 жылдың шілдесіне қарай еліміздегі 2,6 мыңға жуық шағын жинақты мектепті қамту жоспарланып отыр.

Жоба аясында жасанды интеллект оқушылардың білім деңгейін талдап, оқу материалын меңгерудегі олқылықтарды анықтауға көмектеседі. Бұл технология мұғалімді алмастырмай, оның жұмысын толықтыруға бағытталған.

Бастаманың негізгі мақсаты – ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтып, оқушыларға тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білім алуға мүмкіндік беру.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button