АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады. Ол құттықтауында Қазақстанның бай мәдениеті мен тарихи мұрасын жоғары бағалап, екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

«Құрметті Президент мырза!
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз! Миллиондаған қазақстандық Астанада және еліміздің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениеті мен тарихи мұрасын, қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етіп келеді.
Мемлекеттеріміз арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын. Президенттік қызметті атқарған екі мерзімімде қалыптасқан берік байланыстарды одан әрі нығайта түсетінімізге сенімдімін.
Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бірге бөлісу – мен үшін зор мәртебе», – деді АҚШ Президенті Дональд Трамп.
Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ



