Балқашта «Sicrum Run-2026» жүгіру жарысы өтті
Балқаш қаласында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС ұйымдастырған «Sicrum Run-2026» бұқаралық жүгіру жарысы басталды. Спорттық шараға әр жастағы тұрғындар қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.

Жарыс алдында қатысушыларға ортақ дене қыздыру жаттығуы ұйымдастырылды. Спортшылар осылайша жарысқа дайындалып, старт алдында күш жинады.
Биыл ересектер үшін 5, 10 және 21 шақырымдық қашықтықтар белгіленген. Қатысушылар өздерінің физикалық дайындығына қарай кез келген бағытты таңдай алады.
Жарыстың биылғы ерекшелігі – балаларға арналған жарыстардың қосылуы. Жас спортшылар 400 метр және 1 шақырым қашықтықта бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 1 шақырымдық арнайы қашықтық қарастырылған. Бұл жарыстың барлық тұрғындар үшін қолжетімді болуына мүмкіндік беріп, спорттық шараның инклюзивті бағытын күшейте түсті.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



