Бұқар жырау ауданында тазалық айлығы жарияланды
Бұқар жырау ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аумақтарды абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша айлық жарияланды.

Айлық аясында ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында аудан аумағында 5 сенбілік өткізу жоспарланған. Сенбіліктер 12, 19, 26 қыркүйек және 3, 10 қазан күндері өтеді. 26 қыркүйек күні облыстық сенбілік ұйымдастырылады.

12 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан аумағында алғашқы сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында келесі жұмыстар атқарылды:
* 35 гектар аумақ тазартылды;
* 30 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды;
* 155 ағашқа бұтау жұмыстары жүргізілді;
* 29 рейдтік іс-шара өткізілді;
* 27 нұсқама мен ескерту берілді;
* тұрғындармен 29 кездесу өткізілді.
Сенбілікке 215 ұжым және 2 067 адам қатысты. Жұмыстарды жүргізуге 49 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан аумағын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



