"Таза Қазақстан"АймақТеміртау

Теміртауда «Таза бейсенбі» акциясы өтуде

Бүгін Теміртау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтуде.

Қаланың көшелеріне мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жастар және белсенді тұрғындар шығып, тазалық жұмыстарына атсалысуда. Қатысушылар қала аумақтарын ретке келтіріп, туған Теміртаудың көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Сурет ұйымдастырушылардан

Таза әрі көрікті қала – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Осындай акциялар қала тұрғындарын біріктіріп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.

Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button