Бас тақырыпЖаңалықтар

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда волонтерлік қозғалысты дамытуға және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау басталды.

Сурет облыс әкімдігінен

Биыл сыйлық 15 номинация бойынша табысталады. Олардың қатарында үздік волонтерлік ұйым, корпоративтік волонтерлік, төтенше жағдайларға қатысу, денсаулық сақтау, білім, қоршаған ортаны қорғау, жануарларға көмек көрсету және әлеуметтік мәселелерді шешу бағыттары бар.

Әр үміткер байқауға тек бір номинация бойынша қатыса алады.

Өтінімдер 7-27 қыркүйек аралығында қабылданады. Қатысуға өтінімді qazvolunteer.kz порталы арқылы беруге болады.

Байқау Мемлекет басшысының волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button