Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Пашинянға қатысты сөздің бұрмаланғаны анықталды

Әлеуметтік желілерде Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты айтқан деген жалған сөзі таралуда.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Тексеру нәтижесінде бұл дәйексөздің бұрмаланғаны анықталды. Пашинян мұндай сөз айтпаған. Манипуляцияға 3 қыркүйектегі брифингте журналист сұрағына берген жауабы негіз болған.

Пашинян Арменияның шешімдеріне сыртқы ықпал туралы сұраққа жауап бере отырып, елдің мемлекеттік шешімдерді өз бетінше қабылдайтынын меңзеген. Оның жауабында Қазақстан туралы ешқандай сөз болмаған.

Жалған ақпарат авторлары түпнұсқа жауаптағы сөздерді өзгертіп, бастапқыда болмаған тіркестерді қосқан. Осылайша мәлімдеменің мәні өзгертіліп, Қазақстанға қарсы пікір ретінде ұсынылған.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға және деректің бастапқы дереккөзі мен мәнмәтінін тексеруге шақырды.

Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан заңнамасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button