Заң және тәртіпАймақБұқар жырау

Ботақара жастары құқық пен қауіпсіздікті көздеген квест ойынына қатысты

Ботақара кентінде  республикалық «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыратын квест ойыны ұйымдастырылды.

Квест барысында қатысушылар құқықтық қорғауға, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке қатысты жағдайларда дұрыс әрекет етуге бағытталған практикалық тапсырмалары бар станциялардан өтті. Олар 5 командаға бөлінді. Қысқа уақыт ішінде өз командаларына атау таңдап, эмблема жасап, команданың атауы мен эмблемасының мәнін ашатын ұран ойлап тапты.

Командалар квест бағытын сәтті өтіп, ерекше мүмкіндікке ие болды. Олар нағыз өрт сөндіру және полиция көліктерінің руліне отырып, құтқарушылардың арнайы жабдықтарын киіп көрді. Ішкі істер органдары мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен тікелей тілдесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Жастар берілген тапсырмаларды белсенді орындады. Құқықтық викторина сұрақтарына сауатты жауап берді, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты өмірлік жағдайлардың шешімдерін іздеді.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button