Жаңалықтар
Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі болып тағайындалды
Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ербол Мырзабосынов бұған дейін Туризм және спорт саласында басшылық қызметтер атқарып, ұлттық спорт пен дене шынықтыру бағыттарының дамуына жауапты болды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



