Жаңалықтар

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне қайта тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет zakon.kz

Айдарбек Сапаров бұл қызметке алғаш рет 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған болатын. Бұған дейін ол ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button