ШетАймақБас тақырып
Шет ауданында вольфрам кен орындарын игеру жұмыстары басталды
Қарағанды облысының Шет ауданында «Солтүстік Қатпар» және «Жоғарғы Қайрақты» вольфрам кен орындарын игеру жұмыстары басталды. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір кен орнында өндірістік алаңдар, кірме жолдар мен инфрақұрылым нысандары дайындалып, геодезиялық жұмыстар жүргізілуде.

Жобаға шамамен 1,1 млрд доллар инвестиция салынып, кәсіпорын іске қосылғанда 1200 жаңа жұмыс орны ашылады.

Екі кен орны жылына шамамен 12 мың тонна вольфрам өнімін өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның басты ерекшелігі – шикізатты Қазақстанда терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім шығару.
Негізгі құрылыс жұмыстарын 2028 жылы бастап, нысанды 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



