Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда кеншілер құрметке бөленді

Өңірдің тарихы мен бүгінін көмір өндірісімен байланыстырған еңбек дәстүрін дәріптейтін айтулы мерекеде кеншілердің ел экономикасына қосқан үлесі ерекше аталып, олардың жауапты әрі қажырлы еңбегіне алғыс айтылды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Кеншілер күні – Қарағанды үшін айрықша мәні бар мереке. Аймақтың қалыптасуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы көмір өндірісімен тығыз байланысты. Жер қойнауынан ел игілігіне қара алтын өндіру үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін еңбек.

Кеншілер мәдениет сарайында өткен мерекелік кешке сала ардагерлері, өндіріс мамандары мен еңбек адамдары жиналды.

Қарағанды облысы көмір өндіру бойынша Қазақстанда екінші орында. Былтыр шамамен 37 млн тонна көмір өндірілді, биылғы жеті айда бұл көрсеткіш 20 млн тоннаға жуықтаған. Жыл соңына дейін кемінде 41 млн тоннаға жеткізуді жоспарлануда.

Ал, көмір өндірісінің дамуы тек өндіріс көлемімен емес, ең алдымен адамның қауіпсіздігімен, еңбек жағдайымен және болашаққа деген сенімімен өлшеуіміз керек.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та еңбек адамының беделін арттыруға, оның еңбегін құрметтеуге және лайықты жағдай жасауға үнемі назар аударып келеді. Бүгінде өндіріс орындарында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар жаңартылуда, қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, еңбек жағдайлары жақсаруда. Бұл жұмыс жалғаса береді, өйткені саладағы кез келген өзгерістің сыртында, ең алдымен, адам тұр. Ардагерлерімізге ерекше алғыс айтамын. Сіздер бүкіл өңір мақтан тұтатын еңбек мектебі мен дәстүрдіқалыптастырдыңыздар. Біздің міндетіміз – осы дәстүрді сақтап, жас ұрпаққа жеткізу. Барша кеншілерге қауіпсіз еңбек, мықты денсаулық, отбасыларына амандық пен ертеңгі күнге сенім тілеймін. Кеншілер күні құтты болсын! – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Салтанатты жиында І дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісімен алты қызметкер марапатталды. Олардың қатарында «Қазақстан» шахтасының тау-кен қазбаларын жөндеу учаскесінің бастығы Зетай Альмуханов, Костенко атындағы шахтаның жерасты электрслесарі Валерий Бабяк, «Спецшахтомонтаждегазация» басқармасының №1 жерасты учаскесінің бұрғылау қондырғысының машинисі Алексей Кудрявцев, «Karaganda Komir» ЖШС өндіріс жөніндегі директор орынбасары Александр Рябцев,

«Тентекская» шахтасының №1 учаскесінің тазалау кенжарындағы тау-кен жұмысшысы Оразбек Турсунов және Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның №2 дайындық жұмыстары учаскесінің өтпе қазбаларын жүргізуші жұмысшысы Жомарт Шайахметов бар.

Костенко атындағы шахтаның жерасты электрослесарі Валерий Бобяктың шахтадағы еңбек өтілі 40 жылдан асады. Кенші әке жолын жалғап, бар ғұмырын жер асты жұмысына арнаған.

– І дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісіменмарапатталу мен үшін үлкен қуаныш. Еңбегімізді бағалап, осындай марапатқа лайық деп танығандары үшін алғыс айтамын. Бұл – мен үшін зейнет алдындағы үлкен сый әрі көп жылғы еңбегіме берілген баға, деді ол.

Ардагер маман жастарға білім алып, үнемі ізденіп, жаңа технологиялар мен жабдықтарды меңгеруге кеңес береді. Оның айтуынша, өндірісте ең бастысы – қауіпсіздік. Қауіпті болса, тәуекелге бармау керек. Адамның өмірі мен денсаулығы бәрінен қымбат.

Ал, «Кенші даңқы» III дәрежелі медаліне орталық байыту фарбикасы «Восточная» өндірістік қызметінің ауысым бастығы Любовь Кудрук лайық деп танылды.

Марапат иелерінің қатарын «Qarmet» копманиясының корпоративтік наградаларына ие болған еңбек адамдары толықтырды. «Құрметті кенші» атағымен «Саранская» шахтасының тазалау кенжарындағы тау-кен жұмысшысы Бекзат Каликов, «Қазақстанская» шахтасының кен қазушысы Ерканат Елеуханов, Костенко атындағы шахтаның жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрслесарі Алеся Баранова, «Абай» шахтасының тазалау кенжарындағы тау-кен жұмысшысы Рустам Масягутов, Ленин атындағы шахтаның жерасты тау-кен монтажнигі Рафис Хайретдинов, «Шахтинская» шахтасының тазалау кенжарындағы тау-кен жұмысшысы Нұрсұлтан Султанов, Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның №1 учаскесінің жерасты электрслесарі Ғазиз Смагұлов, «Восточная» орталық байыту фабрикасының краны машинисі Юлия Лескова, «Тентекская» шахтасының №1 дайындық жұмыстары учаскесінің бастығы Борис Учиров және «Арнайы шахта монтаждау және газсыздандыру» басқармасының №1 учаскесінің жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі Бағдат Төреқұлов марапатталды.

Марапатталғандардың әрқайсысы – өндірістегі жауапты еңбектің өкілі. Бірі жерасты жұмыстарын атқарса, енді бірі техниканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Салтанатты кеште «Qarmet» компаниясының акционері әрі Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев және Көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов та кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Жамал СОВЕТҚЫЗЫ
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button