Аймақ

Айбек Дәдебай – Құрылтай төрағасы

Бүгін елордада бірінші сессия ашылғаннан кейін ҚР Құрылтайының төрағасы лауазымына Айбек Дәдебай сайланды.

Сурет видеодан

— Конституцияға сәйкес Құрылтай төрағасы жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жасырын дауыс беруге арналған тізімге депутат Дәдебай Айбек Арқабайұлы енгізіледі, — деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтайдың жалпы отырысында.

Бұл ретте аталған кандидат жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізілді. Депутаттар арасынан есеп комиссиясы құрылып, комиссия дауыс беру барысын қадағалады. Осы орайда 145 депутаттың 144-і А. Дәдебайдың кадидатурасын қолдады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button