АбайАймақ

Самаркада өрт сөндіру бекеті ашылды

Абай ауданының қарасты Самарка ауылында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жаңа нысан ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Өрт сөндіру бекеті Самарка ауылы мен Огородное бөлімшесінің 832 тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Өрт сөндіру бекетінде жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті жағдайлардың барлығы қарастырылған. Ол өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жарақпен және жауынгерлік киім-кешекпен толық жабдықталған. Бекеттің ауылдық елді мекенге жақын орналасуы оқиға орнына жету уақытын қысқартып, өрт пен төтенше жағдайдың алғашқы кезеңінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы Самарка аулы мен оған жақын орналасқан елді мекендерге мекендер тұрғындарына шұғыл көмек көрсету мүмкіндігін арттырады. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында мұндай нысандардың ашылуы ауылдық жерлердегі өртке қарсы инфрақұрылымды нығайтып, төтенше жағдайларға жедел ден қою жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ержан ИМАШ
Абай ауданы

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button