Жаңалықтар

Жастар үні жарқын болашақ үшін

Шет ауданындағы №592 Құрылтай сайлау учаскесінде ерекше сәт тіркелді. Ел болашағына қатысты маңызды таңдауға алғашқылардың бірі болып келген Ақерке Тілеуқабыл дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдірді

Сурет ұйымдастырушылардан

Бұл – Ақеркенің сайлауға алғаш рет қатысып, дауыс беруі. Жалынды жас үшін бұл – жарқын бастаманың белгісі.

Алғашқы рет дауыс берген Ақеркеге Құрылтай сайлау учаскесі тарапынан арнайы сыйлық табысталып, ізгі тілектер айтылды. Ақ тілекке толы сәтте оған елдің белсенді азаматы болып, әрдайым қоғамдық өмірге атсалыса беруіне тілек білдірілді.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

Шет ауданы.

Автор: Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button