“Таза Қазақстан” акциясы аясында Теміртау қаласының аумағын санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда. Қазірде бұл шаруаға 40 арнайы техника мен 89 жол жұмысшысы тартылған.

Жол жұмысшылары мұнда жиектастар мен аялдама алаңдарын, қоқыс контейнерлерін тазалап, талдарды кесіп, шөп басқан жерлерді шабумен айналысып жатыр.
Аталған жұмыстар Республика даңғылы, Қарағанды көшесі, оң жағалау және қала аймағында атқарылуда.
Қаланың тиісті санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйымдарға бекітіліп берілген аумақтарға бақылау жасалынады. Осы тексерістердің қорытындысы бойынша оларға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама беріледі.
Қала аумағын санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, оны қалалық ТКШ бөлімі өз бақылауына алған.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ



