Жаңалықтар
Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Бұқар жырау ауданында Суықсу және Қызылту ауылдары маңында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Суықсу ауылы маңындағы өрт оқшауланды. Өрт елді мекеннен солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым қашықтықтағы таулы-қыратты жерде құрғақ шөптің жануынан орын алған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жұмылдырылған күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіретін жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта өрттің жекелеген ошақтарын суару және қалған тұтану орындарын толық жою жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың 200-ге жуық адамы және 60 техника бірлігі жұмылдырылған.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



