Жаңа оқу жылында мектептерге «Конституция негіздері» курстары енгізіледі
Жаңа оқу жылында мектептердегі оқу бағдарламасы мен тәрбие жұмысына бірқатар өзгеріс енгізіледі. 5 – 9 сыныптарда негізгі пәндерді тереңдетіп оқытуға басымдық берілсе, жоғары сыныптарда негізгі пәндерді міндетті оқыту күшейтіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің вице-министрі Шынар Ақпарова тамыз конференциясында мәлімдеді.

5–9-сыныптарда негізгі пәндерді тереңдетіп оқыту күшейеді. 8–9-сыныптарда «Қазақстан географиясы» аптасына 2 сағат оқытылады. Жоғары сыныптарда негізгі пәндерді міндетті оқыту бекітіліп, қысқартылған оқу жоспарлары алынып тасталады.
Құқықтық білім беру де күшейеді. 5–7-сыныптарға «Конституция негіздері», 8–11-сыныптарға «Заң және тәртіп» міндетті курстары енгізіледі. «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны жаңартылады.
Экологиялық тәрбие бойынша бірыңғай стандарт әзірленіп, мектептерде «Жасыл мектеп» жобасы жүзеге асырылады.
Әскери-патриоттық бағытта 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап клубтар, үйірмелер мен әскери-патриоттық сыныптар «Жас айбын» бірыңғай мәртебесіне біріктіріледі. Жоба қатысушыларына әскери оқу орындарына түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасу кезінде ынталандыру шаралары қарастырылады.
Өзгерістердің негізгі мақсаты – білімді, заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары және еңбекке дайын жас азамат қалыптастыру.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



