Аймақта құрылысшылар құрметке бөленді
Кәсіби мереке қарсаңында облыс әкімдігінде құрылысшыларды құттықтап, олардың еңбегіне алғыс білдірді. Сала қызметкерлерінің бірқатарына облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды.

Марапатталғандардың қатарында тәжірибелі басшылар,

жас мамандар да бар.

– Сіздер өңіріміздің тұрақты дамуына, экономикалық әлеуетінің нығаюына және тұрғындардың әл-ауқатының артуына зор үлес қосып келесіздер. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында үш жыл ішінде 98 медициналық нысан пайдалануға берілді. Қарағанды қаласының Майқұдық ауданында заманауи Шығармашылықты дамыту орталығының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар №3 көпбейінді аурухананың онкологиялық корпусының жапсаржайы салынуда. Жақын арада заманауи перинаталдық орталықтың құрылысын бастаймыз. Бұған қоса, жаңа спорт стадионына арналған инфрақұрылым жобалануда. Бұл жоба бірнеше ірі нысанды қамтиды және облыстағы ең ауқымды құрылысқа айналады, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



