АймақБас тақырыпБілім

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік грант иегерлері анықталды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Сурет  Ғылым және жоғары білім министрлігінен

Министрлік мәліметінше, гранттардың 60%-ы елдің индустриялық және технологиялық дамуы үшін маңызды инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінген. Сонымен қатар «Серпін» жобасы аясында 2 мыңнан астам жас Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл грант конкурсына 127 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға арналған квоталар, халықаралық олимпиада жеңімпаздарына және мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған жеңілдіктер сақталды.

Грант иегерлерінің тізімі министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланды. Электрондық грант куәліктері үш жұмыс күні ішінде Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қолжетімді болады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Мемлекеттік білім беру грантының электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді.

Грант иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемеден көре аласыздар.

https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1270585?lang=ru

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button