Жаңалықтар
Нұра ауданында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды
Нұра ауданында ауыл тұрғындарының малын жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер наурыз айынан бері 14 ірі қара мен 24 қойды қолды еткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында олар ұсталып, ұрланған малдың бір бөлігі – 7 сиыр мен 3 қой заңды иелеріне қайтарылды.
Тергеу барысында қалған малдың Астана қаласы мен Ақмола облысына сатылып кеткені анықталған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, өз кінәларын толық мойындаған. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



