НұраАймақ

Нұра ауданында өрт ауыздықталды

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Нұра ауданының Ахмет ауылында ашық аумақта құрғақ шөп жанды. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында құрылған ерікті өртке қарсы құрылымның мүшелері жетті. Олардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылы өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.

Сурет видеодан алынды

Еріктілер мен құтқарушылардың бірлескен күшімен құрғақ шөптің жануы 45 гектар аумақта толық сөндірілді.

Айта кеткен жөн, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін дамытуға бағытталған. 

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button