Спорт

Аланның кезекті алтыны

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Әлемнің 22 елінен кіл мықтылар қатысқан дүбірлі додада Ұлттық құрама спортшылары да бақ сынап, екі алтын, бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Солардың қатарында қарағандылық Алан Құрманғалиев те сынға түсіп, халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Сурет облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Жерлесіміз ересектер арасында сынға түскен. Өз санатында жеті кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.

Алғашқы кездесуінде ол Моңғолия спортшысы Ганбаяр Герэлчулуунды 3:0 есебімен тізе бүктірсе, одан кейін Үндістанның спортшысы Аринджай Кучхалдан 3:1 есебімен айласын асырған. Ақтық сынға дейін өзбекстандық, екі үндістандық, жапониялық қарсыласын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, ақтық кезеңге өтті. Ал, финалда жерлесіміз Жапон спортшысы Оно Сомамен ойнап, нәтижесінде 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бүгінде Алан Құрманғалиевті Эльмира Әлиева мен Тоқтамыс Хасенов жаттықтырады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button